КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қызылорда қаласы Ш.Қалдаяқов көшесі 10 А  мекен-жайында орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Б.Ермекбаев  атындағы №271 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі лауазымына 1 бірлік (16 сағат) бос орынға конкурс жариялайды.

Қазақ тілінде оқытатын мектеп. Бағыты-жалпы орта білім беретін, қосымша. 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты - 900 орындық.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар:

техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл;
      біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
      екінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар өздігінен пәнді оқыту әдістемесін әзірлей білуі, білім алушылармен диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы; шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік жұмысын, озат тәжірибелер мектебін басқара алуы, білім беру мәселесі бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы керек.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 4 жыл;
      біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман:
      бірінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пәнді оқытудың авторлық бағдарламасын құра білуі, жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту бағдарламаларын жасай білуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізу, өз пәні бойынша тәжірибелік тапсырмалар құрастыру, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі шығармашылық топтарды басқара білуі керек.
         Лауазымдық міндеттері:

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, олардың оқу жоспары мен оқу процесі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.
      Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады.
      Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
      Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.
      Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы адамдармен байланыс жасайды. Оқу тәртібін, сабаққа қатысу режимін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту процесінде балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін қажетті жағдай жасайды.
      Қызметі туралы есеп дайындауды және тапсыруды қамтамасыз етеді.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, пәнді оқытудың, тәрбие жұмыстарының әдістемесін, пән кабинеттері мен қосалқы орынжайларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету талаптарын, оқыту тәсілдері мен оның дидактикалық мүмкіндіктерін, педагогика ғылымы мен білім берудің негізгі даму бағыттары мен перспективасын айқындайтын басқа да құқықтық нормативтік актілерді, еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен құқық негіздерін, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, психология, педагогика ғылымы мен практика жетістіктерін, еңбек туралы заңнама, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс, қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін, санитариялық нормалар мен қағидаларды.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 180 000 теңге (экологиялық коэффициентті қоспағанда).

Конкурс өткізу мерзімі мен қабылдау орны:

Қызылорда қаласы Ш.Қалдаяқов көшесі 10 А  мекен-жайында орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Б.Ермекбаев  атындағы №271 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі хабарлама жарияланған күнінен бастап ЖЕТІ ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ бос лауазымға орналасу үшін құжаттарды қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны:

Қызылорда қаласы Ш.Қалдаяқов көшесі 10 А  мекен-жайында орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Б.Ермекбаев  атындағы №271 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос лауазымға орналасу үшін құжаттарды 2025 жылғы 25 тамыз - 02 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласы Ш.Қалдаяқов көшесі 10 А  мекен-жайында орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Б.Ермекбаев  атындағы №271 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы қабылдайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес:

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне мынадай құжаттарды береді:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

       11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады.

Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.

Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына депутаттық корпус, үкіметтік емес ұйымдары, қоғамдық бірлестіктері, кәсіподақтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінің арасынан байқаушы шақырылады.

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы негізінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша ақпаратты «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Б.Ермекбаев атындағы №271 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады. Тел. 8(7242)253617,  Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
3-қосымша

 

Нысан

 

___________________________
конкурс жариялаған
мемлекеттік орган
/ Кандидаттың тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
(бұдан әрі -Т. А. Ә.),
жеке сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі –ЖСН), лауазымы,
жұмыс орны,
Нақты тұрғылықты
жері, тіркелген мекенжайы,
байланыс телефоны

Өтініш

       Мені ________________________________________________________________

      (білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ауыл)

       __________________________________________________________________

      бос/уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.

      Қазіргі кезде______________________________________________________

       (лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл) жұмыс істеймін.

       Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын: Білімі: жоғары немесе жоғары оқу

      орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы

     

       Біліктілік санатының болуы (болған жағдайда берілген (расталған) күні):

      __________________________________________________________________

       Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

 Мемлекеттік қызмет өтілі

 Мамандығы бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

 Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

         

      Мынадай жұмыс нәтижелерім бар: ______________________________________

      Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) ________________________________________

       "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін.

       Мен келісемін ___________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы)

      "____"______________20___жыл __________ /қолы/